Гонконгта наразылықтар күшейіп, полициямен қақтығыс артты
Соңғы күндері Гонконгта қақтығыстар күшейіп, наразылық білдірушілер тактиканы өзгертіп, университеттік кампусты басып ала бастап, тоннельдер мен көпірлерді жауып тастауға көшкен.
Маусым айының басынан басталған наразылықтар күн өткен сайын күшейіп тәртіпсіздіктер Гонконг көшелерінде орын алуы жиілеп келеді.
Біраз уақыт алдын Гонконг БАҚ беттерінде жергілікті полиция политехникалық университетке шабуыл жасағаны, кешегі түні ереуілшілдер полиция қызметкерлерін кіргізбей қарсылық көрсеткені айтылған. Бүгін таңда полиция университетке шабуыл жасап, үкіметке қарсы топтарды тарату мақсатында көзден жас ағызушы газдар қолданған.
Соңғы күндері Гонконгта қақтығыстар күшейіп, наразылық білдірушілер тактиканы өзгертіп, университеттік кампусты басып ала бастап, тоннельдер мен көпірлерді жауып тастауға көшкен.
Гонконгта экстрадиция туралы заңның қаралуымен туындаған жаппай наразылықтар маусымның басынан бері өткізіліп келеді, осы уақыт ішінде полиция 3,6 мыңнан астам адамды қамауға алды, олардың ең жасы 12 жаста, 1,5 мыңнан астам адам көшедегі қақтығыстар кезінде жарақат салдарынан ауруханаға түсіп, 400-ден астам полицей жарақат алған. Үлкен наразылықтардан кейін Гонконг билігі қазан айының басында заң толығымен алынып тасталды. Дегенмен, наразылықтар тоқтамай тәртіпсіздіктер күшейе түскен.