English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Головкин мен Мурата жекпе-жегі жыл соңында өтпейтін болды
12:05 / 2021-12-03

Орта салмақтағы қазіргі IBF және IBO чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапондық WBA нұсқасы бойынша әлем суперчемпионы Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек биыл өтпейтін болды.

ESPN басылымындағы мәліметке қарағанда, күншығыс елінде карантиндік шаралардың күшейтілуіне және шетелдіктердің кіруіне тыйым салынуына байланысты жекпе-жек келесі жылға ауыстырылған.

Boxingnews24 дерегінше, Головкин-Мурата жекпе-жегінің өтетін күні әлі белгісіз, бірақ ол 2022 жылдың бірінші тоқсанында, жапон үкіметі шетелдіктердің елге келуіне қайтадан рұқсат берген кезде өтуі ықтимал.

Еске сала кетсек, жоспар бойынша бұл жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиодағы «Saitama Super» арнеасында өтуі керек еді.