English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 2022 жылда өтуі мүмкін
12:17 / 2021-10-12

Америкалық журналист Майк Коппингер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 2022 жылда өтуі мүмкін деп болжады.

ESPN басылымының жүрналисі, «Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер арасындағы эпикалық трилогияны көрген соң, Канело мен Головкиннің үшінші жекпе-жегін көру керек екенін түсіндім», - деп жазған.

 - Сәуірде Головкин 40 жасқа толады, бірақ олар бізге керемет екі жекпе-жек сыйлады. Келесі жылы бұл  текетіресті жабайық, деген ол. 

31 жастағы Канело 6 қарашада Калеб Плантқа қарсы жекпе-жекке дайындалуда, ал 39 жастағы Головкин желтоқсанда Риото Муратаға қарсы ринге шығуды жоспарлауда.

Еске сала кетейік, Головкин мен Канелоның алғашқы жекпе-жегі 2017 жыл өтіп, ол тең аяқталған еді. Бір жылдан кейін боксшылар қайта рингте жолықты және оның нәтижесі төрешілердің шешімімен Канело жеңген болатын.