Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек күзде өтеді
12:38 / 2022-05-24

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек күздің алғашқы айында өтеді.

TalkSport басылымының дерегінше, мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйектің 17 жұлдызында өтуі мүмкін.

Альварес баспасөз мәслихатында үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекке жоапарланғанын айтты. «Головкинмен рингке шығасыз ба?» деген сұраққа мексикалық: «Әрине, иә. Бұл келісімшарт бізде бұрыннан бар, сондықтан біз бастаған ісімізді жалғастыруымыз керек. Менің ойымша, дәл қазір бокстағы ең маңызды екі жекпе-жек – Головкин жекпе-жегі және Биволдың реваншы бар. Өйткені өкінішке орай, біз жеңіліп қалдық, бірақ бұл мен қайта тырыспаймын дегенді білдірмейді», деп жауап берген.

Альварестің айтуынша, жекпе-жек жақын арада ресми түрде жарияланады.