English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Головкин мексикалық боксшымен жұқдырықтасады
12:30 / 2021-03-03

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын екінші мәрте қорғайды. Жепе-жек мексикалық Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО) қарсы өтеді.

RingPolska таратқан ақпаратқа сай жекпе-жек 7 мамыр АҚШ-тың Техас штатында өтуі жоспарланған болып, оны DAZN онлайн тарататын болған.

Бұған дейін Головкин мен Мунгия 2018 жылы жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізген, бірақ мемлекеттік бокс комиссияларының бірі мұны мақұлдамай, келіссөздер тоқтаған. Оған Мунгияның әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге тәжірибесі жеткіліксіздігі себеп ретінде көрсетіледі.

Польшалық ақпарат көзі жекпе-жек туралы келіссөздер бірнеше аптадан бері жүргізіліп жатқанын айтады.  

Қазақстандық 38 жастағы Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін польшалық Камил Шереметаға қарсы өткізіп, оны 7 раундта нокаутқа жіберді және IBF, IBO белбеулерін сәтті қорғады.