English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Головкин барлық чемпиондық титулынан айырылды
13:15 / 2023-06-16

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) орта салмақтағы IBO чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты.

Turkystan.kz сайтының хабарлауынша, Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Левин орта салмақтағы чемпиондық атақ өз иесін күтетінін жариялады.

«Геннадий мен IBO арасындағы байланыс 12 жылға жалғасты. 22 жекпе-жек болды. Біздің белбеумен оның орта салмақтағы чемпиондық жолы басталды. Басты қарсыластары қаншама жыл жұдырықтасудан сескеніп-ақ жүрді. Себебі ол бірде-бір рет нокдаунға түспеген мықты боксшы болды. Оның чемпиондық атақтан бас тартқан шешіміне құрметпен қараймыз. Әрине, өкінішті. Бұл атақ осы салмақтағы өз иесін күтеді», – деген Эд Левин.