«Голден Стэйт» NBA чемпионы атанды
«Голден Стэйт Уорриорз» клубы Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) 2021/22 маусымындағы чемпионы атанды.
«ТД-гарден» аренада өткен финалдық кездесуде «Бостон Селтикс» клубы «Голден Стэйт» командасын қабылдап 90:103 есебінде жеңілді.
Осылайша Сан-Францисколық клуб биылғы маусымда чемпион атанды. Бұған дейін команда соңғы рет 2017/2018 маусым финалында «Кливленд Кавальерс» клубын 4:0 есебімен жеңіп, турнирде жеңіске жеткен болатын.