Globe Soccer Awards-2021: Жылдың үздіктері анықталды
27 желтоқсанда БАӘ, Дубай қаласында Globe Soccer Awards-2021 марапаттау рәсімі өтті. Онда әртүрлі номинациялар бойынша жылдың үздіктері анықталды.
«ПСЖ» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе жылдың үздік шабуылшысы атанса, «Бавария» клубы және Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски жылдың ең үздік сұрмергеніне (69 гол соқты) берілетін Марадона сыйлығына лайық деп табылған.
Барлық уақыттардағы үздік бомбардир жүлдесі Криштиану Роналдуға (Манчестер Юнайтед, Португалия) берілді. Ол бұған дейін Пеленің рекордын жаңартқан болатын. Ал, бұрынғы бразилиялық футболшы Роналдиньо мансабындағы тамаша кезеңі үшін арнайы марапатықа ие болды.
Сонымен қатар, салтанатты шара барысында келесі номинациялар бойынша үздіктер анықталды:
- Жылдың үздік қақпашысы - Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ», Италия);
- Жылдың үздік қорғаушысы – Леонардо Бонуччи («Ювентус», Италия);
- Жыл жаттықтырушысы – Роберто Манчини (Италия);
- Жылдың үздік ұлттық құрамасы – Италия;
- Жылдың үздік клубы – «Челси»;
- Жылдың үздік спорт директоры – Чики Бегиристайн («Манчестер Сити»);
- Жылдың үздік агенті - Федерико Пасторелл.