Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Global Times газетасы Өзбекстан жайлы көлемді мақала жариялады
12:53 / 2022-02-01

Қытайдың ең ірі басылымдарының бірі Global Times газетасы Өзбекстан жайлы көлемді мақала жариялады.

Газетаның басты бетінде Өзбекстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай елдің заманға сай дамуы, екі ел арасындағы қарым-қатынастар туралы сөз өрбіген.

Мақала авторы өз сөзінде былай дейді: «Қысқа тарихи мерзімде Өзбекстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас достық, сенім және өзара қолдау қағидаттарына негізделген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Соңғы жылдары сауда, инвестиция, энергетика, көлік, коммуникация, мәдени-гуманитарлық алмасу, туризм сияқты көптеген салаларда қарқынды, көп қырлы ынтымақтастық байқалуда».

25 қаңтарда өткен «Қытай-Орталық Азия» саммиті барысында Өзбекстан мен Қытай басшылары екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екендіктерін қуаттады. Күн тәртібінде электронды коммерция және цифрлық логистика, жасыл технология, баламалы энергия, инновациялар, COVID-19-мен күрес және басқа да салалар қамтылған.

Өзбекстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы: «Өзбекстанның 2022 жылғы төрағалығы кезеңінде SEO-сауданы дамыту бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу, ШЫҰ-ның Өнеркәсіптік ынтымақтастық бағдарламасын дайындау және қабылдау, көлікті дамыту стратегиясын қабылдау, кедейлікті азайту және азық-түлік қауіпсіздігі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді жандандыру, ақпараттық қауіпсіздік форумын ұйымдастыру, «халық дипломатиясы» және екі елдің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайту, диалогты жандандыру, ұйымға мүше мемлекеттер мен серіктестердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету жолында ШЫҰ-ның өзара тиімді жобаларын жүзеге асыруға басымдық беруді ұынуда» делінген мақалада.

Сонымен қатар мақалада білім беру саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігі атап өтілген: «Мыңдаған өзбекстандық студенттер Қытайдың беделді университеттерінде ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуда. Өзбек жастарының қытай тілін үйренуге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді».

«Өзбекстан Қытаймен екіжақты форматта, сондай-ақ халықаралық құрылымдар, соның ішінде ШЫҰ аясында жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жастар диалогын жандандыру бойынша бастамаларды жүзеге асыру үшін одан әрі ынтымақтастыққа дайын», - екендігі айтылып мақалаға қорытынды жасалған.