Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Global Firepower Index – 2022: Өзбекстан әскери әлеуеті жағынан әлемде 54 орында
12:57 / 2022-01-27

Global Firepower порталының Global Firepower Index-2022 рейтингінде Өзбекстан армиясы 54-орынға иа болды.

Рейтинг бойынша Өзбекстан армиясы әскери қуаты бойынша Орталық Азия елдері арасында бірінші орында тұр. Қазақстан – 64, Түркіменстан – 83, Қырғызстан – 90, Тәжікстан – 111 орындарда.

Әлемдік деңгейде әскери әлеуеті жағынан бірінші орын Америка Құрама Штаттары иеленген. Сондай-ақ алғашқы ондықта Ресей, Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Пәкістан және Бразилия елдері бар. 

Сарапшылар рейтингті жасауда 50-ден астам факторларды, соның ішінде елдің әскерилері саны, техникалық деңгейі, қаржыландыру, заманауи технологияларды пайдалану және материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне мән берген.

Қазіргі кезде Өзбекстан армиясында 70 мың әскери қызметкер бар. Сондай-ақ оның арсеналында 194 ұшақ, оның ішінде 60 жойғыш ұшақ, 33 шабуылдаушы тікұшақ, 420 танк, 98 реактивті зымыран жүйесі, 1200 броньды техника және 60 артиллериялық зеңбірек бар.