Гитанас Науседа президент сайлауында жеңіске жетті
Литвада президент сайлауының екінші кезеңі аяқталды.
Елдің сайлау комиссиясының мәліметінше, Литваның қазіргі президенті Гитанас Науседа жеңіске жеткен.
Гитанас Науседа 75 пайыздан астам дауыс жинады. Оның қарсыласы – премьер-министр Ингрида Шимонитеге дауыс бергендердің саны 22 пайыз.
Науседа екінші және соңғы рет президент болып отыр. Литва конституциясы бір адамға қатарынан екі реттен артық мемлекет басшысы болуға тыйым салады.
Гитанас Науседа Литваның қазіргі сыртқы саяси бағытын жалғастыруға уәде беріп, Еуропалық Одақ және НАТО-мен ынтымақтастық ел үшін тиімдірек болатынына сенім білдірген.