Өзбекстанда Германия апталығы аясында 24 қыркүйек күні GameDev Goethe ойындарын дамыту инкубаторының 4-ші маусымының аяқталуына байланысты ашық аспан астындағы ойындар көрмесі өтті.
Ташкент қаласындағы Гете институтында өткен шараға 4-ші маусымының финалдық кезеңіне шыққан қатысушылар өз ойындарын көрермендерге ұсынып, онда көрмеге келген азаматтар компьютерлік ойындарды ойнап көңіл көтерді.
GameDev Goethe – ойындарды жасауға арналған инкубатор болып, жобаның негізгі мақсаты – ойын әлеміне қызығушылық танытатын жастарға пікірлес адамдарды табуға көмектесу және оларға өз ойындарын жасау процесінде көмектесу. Ойын дамыту саласында көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар бұл үдерісте жастарға белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді.
Төрт жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан жоба Өзбекстанның барлық облыстарынан келген талантты жастарды біріктіріп, олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесуде.
Институт дерегінше, түрлі ойындар жасау инкубаторына қатысуды қызықты ету үшін бүкіл процесті 3 кезеңде қарастырып әрбір кезеңдегі жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталған.