English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германияның Volkswagen компаниясы Ресейдегі активтерін сатты
18:24 / 2023-05-20

Неміс автомобиль өндірушісі Volkswagen (VW) Ресейдегі барлық активтерін, соның ішінде Калуга автозауытын ресейлік Avilon Art-Finance дилеріне сатты.

Deutsche Welle таратқан хабарламада, келісім Volkswagen Group Rus (Калугадағы зауытқа иелік етеді) және оның еншілес компаниялары (Volkswagen Komponenty i Uslugi, Scania Leasing, Scania Finans, Scania Strakhovanie), импорттаушы (сату және сатудан кейінгі қызмет көрсету бизнесі) бөлшектер қоймасындағы және қаржылық қызмет көрсету кәсіпорындарындағы үлесін қамтиды.

Volkswagen компаниясының мәлімдемесінде келісімді Ресей үкіметі мақұлдағанын айтқан. Шешім 17 сәуірде қабылданған, келісім сомасы 125 миллион еуродан аспауы керек (сол күнгі курста шамамен 11,3 миллиард рубль).