Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германияның қорғаныс министрі отставкаға кетті
16:21 / 2023-01-16

Германия канцлері Олаф Шольц елдің қорғаныс министрі Кристина Ламбрехттің отставкасын қабылдады.

Бұл туралы Германия министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Германияның Қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт канцлер Олаф Шольцтен өзін қызметінен босатуды сұраған. Ол өз шешімін бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы айларда оның жеке басына қатысты жағдайды талқылап жатқанымен байланыстырып, бұл Бундесвердің (Германия Федеративтік Республикасының қарулы күштері) қажеттіліктері мен армияның дамуы туралы жағдайға келеңсіз екенімен түсіндірген.

БАҚ дерегінще, Германияның қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы Германия социал-демократиялық партиясының (СПД) тең төрағасы Ларс Клингбайль болуы мүмкін. Басқа үміткерлер арасында - Германия Федералдық канцлер департаментінің басшысы Вольфганг Шмидт пен елдің Еңбек және әлеуметтік істер министрі Хубертус Хейл бар.