Берлинде өткен бизнес-форумда Өзбекстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахобов екіжақты экономикалық серіктестік туралы пікірін білдірді.
– Мемлекет басшысының Германия Республикасына сапары аясында бүгін Өзбекстанның Германиядағы елшілігінде Өзбекстан-Германия бизнес форумы өтті. Оған Өзбекстан үкімет делегацияларының мүшелері, республикада жұмыс істейтін бірқатар кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Форумда екі ел арасындағы қарым-қатынастар кейінгі жылдары белсенді дамып келе жатқаны және бұған екі ел басшыларының сенімі мен саяси ерік-жігерінің арқасында қол жеткізіліп отырғаны айтылды.
Атап айтқанда, екі ел арасындағы өзара сауда көлемінің ұлғаюы байқалды. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш екі есеге артты. 2022 жылдың соңына қарай сату көрсеткіштері тағы 50 пайызға өсіп, алғаш рет 1 миллиард еуродан асты.
Форумда энергетика, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсібі, металлургия, автомобиль өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары, электротехника өндірісі, сондай-ақ фармацевтика және денсаулық сақтау салаларындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.
Екі жүзге жуық Германия және алпыстан астам Өзбекстан кәсіпорны қатысқан шарада Орталық Азиядағы Өзбекстанның орны мен республиканың инвестициялық тартымдылығы туралы толық ақпарат берілді.
Неміс кәсіпкерлері Өзбекстанмен ынтымақтасып, инвестиция салғысы келеді. Бұл форум түрлі саланы қамтыды. Энергетика саласына ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағытта күн батареялары, «жасыл экономика» сияқты жаңа форматты жүйелер Өзбекстанда сұранысқа, өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты энергияға деген талапқа байланысты кәсіпкерлердің назарын аударды.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнес үшін ұзақ мерзімді несие желілерін қалыптастыру мақсатында бірқатар неміс банктері мен Өзбекстан банктері арасында келісімдерге қол қойылды. Бұл Германияда немесе Еуропада өндірілген жабдықтар мен басқа да технологияларды Өзбекстанға әкелуге кең жол ашылады деген сөз.
Бір айта кетерлігі, бұл бағыт бойынша 7 жылдан 10 жылға дейін несиелік желілер қалыптасады. Олардың пайызы орта есеппен 3, 4 немесе 5 пайызға жетеді деп күтілуде.