English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германиямен әуе рейстері қайта жолға қойылды
19:29 / 2021-02-16

Өзбекстан Германиямен арадағы әуе рейстерін қайта жолға қойды.

«Uzbekistan Airways» компаниясы Ташкент-Франкфурт-Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстердің қайта басталатынын хабарлады.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінде, рейстер наурыз айынан басталатын болып 4 және 18 наурыз күндерге арналған кесте жарияланған.

Еске сала кетсек, Республикалық арнайы комиссияның 2020 жылғы 21 желтоқсандағы шешімі негізінде Германиямен әуе рейстері (республикаға кіру, шығу және транзиттік рейстер арқылы кіру) тоқтатылған болатын. Бұл шектеулер арнайы комиссияның 2021 жылғы 11 ақпандағы шешімімен өз күшін жойды.