Германиялық туроператорлар Қарақалпақстанды аралады
Өзбекстанда кейінгі жылдары жүзеге асырылған реформалармен, туризм саласында жасалған мүмкіндіктермен танысу мақсатында Германияның туризм саласындағы жетекші қауымдастығының өкілдерінің Өзбекстанның барлық аумағына, соның ішінде Қарақалпақстан Республикасында тур ұйымдастырылды.
ӨР Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған осы шараға қатысушылардың бір тобы Арал аймағына барды. Қонақтар Нөкіс қаласындағы И.Савицкий атындағы Қарақалпақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде болып, сапар аясында Арал теңізі мен Үстірт платосы, Мойнақ ауданындағы бірқатар туристік орындар мен көрікті жерлерді және Ходжелі ауданындағы Миздакхон көне кешенін аралап, елдің туристік әлеуетімен танысты.
Қарақалпақстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрлігінің хабарлауынша, сапар соңында делегация мүшелері Ташкентте Германия мен Өзбекстанның туризм саласындағы кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін кездесулерге қатысады.
Давуд АБИБУЛЛАЕВ, ӨзА