Германиялық биатлоншы әлем чемпионатында спринтте жеңіске жетті
Германиялық биатлоншы Бенедикт Долль Швейцарияның Ленцерхайде қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем кубогының үшінші кезеңінде спринт жарысында жеңіске жетті.
Жеңімпаз екі атыс сызығында 23 минут 15,8 секунд уақытты көрсетті. Екінші орынды бес дүркін Олимпиада чемпионы норвегиялық Йоханнес Бое (5,4 секунд артта; 1), үшінші орынды тағы бір германиялық Филипп Наврат (+36,8; 1) иеленді.
Ленцерхайде кезеңі 17 желтоқсанда аяқталады.