Германияға әкелінген ауғандықтардың арасында қылмыскерлер бар екені анықталды
Кабулдан Германияға әкелінген ауғандықтардың арасында қылмыскерлер бар екені мәлім болды.
Германия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Кабулдан эвакуацияланғандар арасында төрт адам бірнеше жыл бұрын Германиядан депортацияланған және бірнеше азаматтың аты-жөні Германияның терроризмге қарсы орталығының тізімінде екені белгілі болды.
Әзірге 20 құқық бұзушы анықталды, деген Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер. Оның айтуынша, Германияға келгендердің арасында зорлық-зомбылық үшін сотталғандар, жалған құжат дайындағандар да бар. Қылмыскерлер туындаған «төтенше жағдайды» оңтайлы пайдаланғанын айтады, Зеехофер.
Хабарларға қарағанда, Ауғанстаннан Германияға барлығы 4587 адам әкелінген, оның ішінде 3849 ауғандық және 403 неміс азаматы. Қалғандары басқа мемлекеттердің азаматтары.