Германиядан Өзбекстанға гуманитарлық көмек келді
Өзбекстан халқына коронавируспен күрес үшін Германиядан арнайы медициналық көмек жүгі келді
Өзбекстан халқына коронавируспен күрес үшін Германиядан арнайы медициналық көмек жүгі келді.
28 шілде күні Ташкенттегі Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайға Германияның Франкфурт қаласынан арнайы чартерлік рейс арқылы 3 тонналық медициналық бұйымдар (оттегі баллондары, медициналық маскалар мен киімдер) артылған ұшақ келіп қонды.
Осынау гуманитарлы көмек Германия Елшілігінің бастамасымен Халықаралық «Friedensdorf International» қайырымдылық ұйымымен бірлесе отырып, Өзбекстанның медициналық-әлеуметтік мәселесінде коронавирусқа қарсы күресте қолдау көрсету мақсатында гуманитарлық көмек акциясы өтіп, оның аясында топталған осынау көмек жүгі Өзбекстанға әкелінді.