Германияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Германияның оңтүстік-батысындағы Баден-Вюртемберг аймағында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, салдарынан көптеген адам қаза тапты және ауыр жарақат алғандар бар.
Бұл туралы Германияның «DPA» агенттігі хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, қайғылы оқиға Ридлинген қаласы маңында орын алған.
Қазіргі таңда оқиға орнында іздестіру-құтқару топтары жұмыс жүргізіп жатыр.
Пойыз Зигмаринген қаласынан Ульм бағытына қарай жүріп келе жатқан болған.
Германия Федералдық полициясының мәліметінше, пойызда шамамен 100 жолаушы болған.