Германияның батысындағы Арвейлер ауданындағы тасқыннан кейін шамамен 1300 адам із-түссіз жоғалып кетті.
Deutsche Welle-дің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан 3,5 мыңнан астам адам уақытша үйде тұрақтаған. Апат аймағында ұялы байланыс жұмыс істемейді, сондықтан билік жоғалып кеткендер жай ғана өздері туралы есеп бере алмай тұр деп үміт білдірген.
Соңғы мәліметтер бойынша, Германияның батысында қатты жаңбыр мен тасқын судан кем дегенде 58 адам қаза тапты.

Айфель ауданында жергілікті билік жаңа су тасқынынан алаңдаулы, өйткені Рур өзеніндегі бөгет таса бастаған. Бөгет маңындағы ауылдардың тұрғындары эвакуацияланып, қазір өзен бойындағы қалаларға да ескерту жасалған.
Eon Energy компаниясының дерегінше, Батыс Германияда шамамен 165 мың адам су тасқыны салдарынан жарықсыз қалды.
Ауа-райының мамандары жауын-шашын алдағы күндері де жалғасатынын мәлімдеген.