French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германияда такси қызметіне арналған әуе көлігі сынақтан өтті
02:58 / 2020-08-04

Ұшсыз басқарылатын әуе таксиі сағатына 120 шақырым жылдамдықта төрт жолаушыны 100 шақырымға дейін тасымалдай алады


Ұшсыз басқарылатын әуе таксиі сағатына 120 шақырым жылдамдықта төрт жолаушыны 100 шақырымға дейін тасымалдай алады.

Такси қызметіне арналған мұндай ұшақ түрі «CityAirbus» деп аталып, олар қашықтан басқарылады және электр қуатымен жұмыс істейді. Идея авторларының айтуынша жақын уақыт ішінде такси ұшақтар адамдарды қаладағы кептелісті ынғайсыздықтардан арылу үшін таптырмас мүмкіндік береді деп үміттенеді. Әуе көлігінің техникалық сипаттамасына келер болсақ, ол төрт қозғағышпен жабдықталған. Сосын оны басқару үшін арнайы жүргізуші қажет емес және оның бір ерекшелігі басқа көлік құралдары сынды қатты дыбыс шығармайды.

Сырттай көрінісі үлкен дронға ұқсас такси ұшақ әуеде шамамен 15 минуттай болу мүмкіндігіне ие. Қазіргі уақытта оның қашан өндірісі басталары жөнінде нақты ақпарат айтылмаған.