Германияда сайлау нәтижесі жарияланды
Германияда парламенттік сайлау өтті. Барлық 299 сайлау округінде тіркелген дауыстар есептелгеннен кейін Христиан-демократиялық және Христиан-әлеуметтік одақтар (ХДО/ХӘО) 26,8% дауыс жинап, көш бастап тұрғаны анықталды.
«Германия үшін балама» атты оңшыл партия 20,8% көрсеткішпен екінші орынды иеленген.
Канцлер Олаф Шольц басқаратын Социал-демократиялық партия 16,4% дауыс жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, «Жасылдар» партиясы 11,6%, ал "Солшылдар" 8,8% дауыс алды.