Германияда қарулы адам туристер мінген автобусты алып қашты
Германияда қарулы қылмыскер Бавариядағы автомобиль жолында туристік автобуста келе жатқан адамдарды кепілге алды.
Mirror бысылымының хабарлауынша, ол шетелден келген туристік автобус болып, онда қарулы адам екі автобус жүргізушісін ұстаған. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда оқиғаға автобустағы жанжал себеп болуы мүмкін.
Полиция жолды екі жақтан жауып тастап арнайы операция жүргізу арқылы жолаушыларды кепілге алған қарулы адам ұстаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның егжей-тегжейлері анықталуда.