33 жастағы азаматтығы жоқ палестиналық сот шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Deutsche Welle басылымының дерегінше, ол Кильден Гамбургке бара жатқан пойызда екі адамды пышақтап, тағы бесеуін жаралаған.
33 жастағы азаматтығы жоқ палестиналық бір күн бұрын Кильден Гамбургке бара жатқан пойыздың жолаушыларына пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан бірін-бірі танитын 17 жастағы қыз бен 19 жастағы жігіт қаза тауып, екі адам өміріне қауіп төндіретін дене жарақатын алып, тағы үшеуі ауыр жарақат алған. Жолаушылар күдіктіні өз бетінше залалсыздандырып, полиция оны пойыз Брокстедт қаласындағы вокзалға келген кезде ұстаған.
Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз. Сонымен бірге, прокуратура өкілі бұл оқиғаны терроризммен байланыстыруға ешқандай себеп жоқ екенін айтқан. Қазір тұтқындалған палестиналық Ибрагим А. Германияға 2014 жылы келген болып, 2015 жылдан бері оны Солтүстік Рейн-Вестфалия мен Гамбург полициясы зорлық-зомбылық жасағаны үшін бірнеше рет ұстаған.