Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германияда коронавирусқа байланысты енгізілген карантин мерзімі ұзартылды
16:35 / 2020-11-26

Германия канцлері Ангела Меркель 25 қараша күні кешке Германияда коронавирусқа байланысты қойылған шектеулер қаңтарға дейін ұзартылатынын мәлімдеді.

Шектеулер 20 желтоқсанға дейін ұзартылады. «Бірақ егер біз елдегі короанвирус жағдайы төмендеуі байқалмаса, онда шектеулер қаңтардың басына дейін ұзарту керек деп ойлаймыз», - деген Ангела Меркель Германияның федералды басшыларымен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Германия үкіметі 2 қарашадан бастап елдегі аурулар санының артуына байланысты карантиндік шаралар енгізген болатын. Онда мейрамхана, бар, кинотеатр, ойын-сауық орындары өз жұмысын тоқтатауы айтылған.

Ал енді жаңа шеткеулер бойынша, желтоқсан айынан бастап 2 отбасының 5-тен астам мүшесі кездесуіне тыйым салынады. 23 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін, яғни Жаңа жыл мерекесі кезінде шектеулер уақытша жұмсартылады: осы уақыт аралығында ең көп дегенде 10 адамға жиналуға рұқсат берілген.

Сонымен қатар, сауда орталықтарында ережелер қатаңдатылған болып, онда әр 10 шаршы метрге бір адамнан кіруіне рұқсат етіледі.

Пандемия басталғалы Германияда 15 мыңнан астам жан қаза болған. Ал жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 996 мыңға жуықтағаны белгілі болды.