Германияда карантиндік талаптарға қарсы халық наразылыққа шықты
Германия астанасы Берлин көшелерінде 20 мыңға жуық наразылық білдірушілер коронавирустық пандемия шектеулеріне қарсы шеруге шықты
Германия астанасы Берлин көшелерінде 20 мыңға жуық наразылық білдірушілер коронавирустық пандемия шектеулеріне қарсы шеруге шықты.
Қарсылық акциясына қатысқандар қолына «Коронавирус жалған дабыл», деген жазуы бар баннерлерді көтеріп өздерін «Біз - екінші толқынбыз» деген ұранмен айқайға баса әлеуметтік қашықтықты сақтамауын ашықша айтып бетперде тағуға міндетті емес екендігін жеткізген.

Құқық қорғау органдары митингке шыққандарға қарсылық танытпады бірақ ұйымдастырушыларға бұл әрекет карантинге қарсы екенін айтып, наразылықты тоқтатуын сұраған. Бірақ олар мұны ескермегеннен кейін қарсылық акциясы полицияның араласуынан кейін аяқталды.
Джонс Хопкинс университетінің 2 тамыздағы дерегі бойынша әлемде covid-19 індетін жұқтырғандар қатары 17,8 миллионнан асқан. Ал Германияда халықтың 211 мыңнан астамы осы ауруды жұқтырып, одан 192,8 мың кісі сауыққан және 9 154 науқастың көз жұмған.