Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германия Ресейдің G7-ге қайта қослуына қарсы шықты
09:10 / 2020-07-27

Германия СІМ басшысы Хайко Маас «Rheinische Post» газетіне берген сұхбатында Ресейдің «Үлкен жетілікке» қайта оралуынаГремания қарсы екендігін мәлімдеді


Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас 26 шілдеде «Rheinische Post» газетіне берген сұхбатында Ресейдің «Үлкен жетілікке» қайта оралу ұсынысына Гремания қарсы екендігін мәлімдеді.

«Ресейдің форматтан шығарылу себебі - Қырымды аннексиялау және Украинаның шығыс бөлігіндегі жағдайға араласуымен байланысты. «Мен бұл мәселе шешілмейінше Ресейді мұнда шақыруға ешқандай себеп көріп отырған жоқпын», - деген Хайко Маас.

Оның айтуынша Германия Донбасс мәселесінде Минск келісімдерін қолдайтынын, дегенмен Қырымды Украинаның бір бөлігі ретінде қарастыруды жалғастыратынын атап өткен.

Сонымен қатар, Германия СІМ басшысы Трамптың Ресей Федерациясынан басқа, Австралияны, Үндістанды және Оңтүстік Кореяны G7 саммитіне шақыру жоспарларына түсінік бере «G7 және G20 екі келісілген формат болып табылады» дей тұрып, «Бізге G11 немесе G12 қажет емес», - деп түйіндеген өз сөзін.