Германия мен Өзбекстан СІМ басшылары Ташкентте кездесу өткізді
2021 жылы 30 тамызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Ташкентке сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзбек-неміс ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесі мен күн тәртібін талқылады.
Сондай-ақ, Ауғанстандағы қазіргі жағдайға ерекше назар аударылып, Хайко Маас Германия және басқа да шетелдік азаматтарды Ауғанстаннан эвакуациялауды ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін Өзбекстан тарапына алғыс айтты. Тараптар Ауғанстанда тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Тараптар екі елдің халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы туралы да пікір алмасты, делінген Өзбекстан СІМ хабарламасында.