Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германия әлемде баламасы жоқ жүргізушісіз жүрдек пойызды таныстырды
09:27 / 2021-10-12

Неміс теміржол операторы Deutsche Bahn және Siemens компаниясы Гамбург теміржол жүйесіне біріктірілетін автоматтандырылған жүргізушісіз пойызды таныстырды.

60 миллион еуроға бағаланған жоба бойынша жүрдек 4 пойыз желтоқсаннан бастап жолаушыларды қаладағы межелі жерлерге тасымалдауды бастайды.

Siemens компаниясының бас директоры Роланд Буштың айтуынша, мұндай пойыздардың ұқыптылықты арттырады және энергияны 30 пайыздан астам үнемдейді. Deutsche Bahn бас директоры Ричард Лутц автоматтандырылған пойыздар сенімдірек екенін мәлімдеген.

Әзірлеушілердің сөзіне қарағанда бұл әлемдегі осы типтегі алғашқы пойыздар. Себебі олар арнайы рельстерді төсеуді қажет етпейді және жүрдек пойыздар Гамбургте тұрақты пойыздармен қатар қолданыстағы теміржол жолдарында қатынайды.