Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германия коронавирусты зерттеуге 1,6 миллиард еуро бөледі
13:21 / 2021-04-20

Германия коронавирустық инфекцияны зерттеу үшін тағыда 1,6 миллиард еуро қаржы бөлмек.

ГФР Білім және зерттеу министрлігі коронавирустық инфекцияны зерттеу үшін шамамен 1,6 миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр. Бұл сома 2020 жылы үкімет денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерге бөлген 2,9 миллиард еуроға қосымша, деп жазады ТАСС порталы.

Осы соманың шамамен 627 миллионы COVID вакциналарын өндіруші BioNTech және CureVac компанияларына арналған. Гельмгольц жұқпалы аурулар орталығына (HZI) шамамен 32 млн бөлінсе, Германияның инфекциялық зерттеулер орталығыға (DZIF) 5,8 миллион еуро бөлінген.

Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, Германияда коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары өткен тәулікте 9609-ға өскен. COVID-19 пандемиясы басталғалы бері елде 3 163 308 адам ауырып, 80 303 қайтыс болды.