Германия Канцлерінің Өзбекстанға сапары аяқталды
Германия Федератив Республикасының Федералды Канцлері Олаф Шольцтің Өзбекстанға ресми сапары аяқталды.
Самарқанд халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі қонақты Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Ж.Худжаев және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Еске салайық, кеше Самарқандта Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Германия Канцлері Олаф Шольцтің келіссөздері өтті, солардың нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Бүгін басшылар екі мемлекеттің іскер топтарымен кездесу өткізді.
И.АВВАЛБОЕВ, ӨзА
суреттерді түсірген Мадина НУРМАН