Германия Канцлері Халықаралық туризм академиясымен танысты
Германия Федералдық Канцлері Олаф Шольц Самарқандтағы Халықаралық туризм академиясына барды.
2023 жылы Самарқанд қаласында БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Бас ассамблеясының 25-сессиясы аясында ашылған академия туризм саласын дамыту бойынша жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлайтын орталық ретінде жұмыс істеп келеді.


Оқу орнының түлектеріне БҰҰ Туризм ұйымына мүше мемлекеттер мойындайтын диплом беріледі.
Жоғары мәртебелі қонақ академияда жасалған жағдай мен Өзбекстанда заманауи туризм инфрақұрылымын құру бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты.








И.АВВЛБОЕВ, Н.ҲАЙДАРОВ (сурет), ӨзА