Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германия Федералдық Канцлері Самарқандқа келді
17:45 / 2024-09-15

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Германия Федератив Республикасының Федералдық Канцлері Олаф Шольц 15 қыркүйекте ресми сапармен Өзбекстанға келді.

Самарқанд қаласының әуежайында Германия Үкіметінің басшысын Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Ж.Худжаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Жоғары мәртебелі қонақтың құрметіне екі елдің тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.

Саммиттің негізгі іс-шаралары Самарқанд қаласындағы Конгресс орталығында өтеді. Сапар бағдарламаларына сәйкес, жоғары деңгейдегі келіссөздер және екі ел басшыларының іскер топтармен кездесуі, сондай-ақ қаланың көрікті жерлерімен танысу жоспарланған.

И.АВВАЛБОЕВ,

О.МИРСОАТОВ(фото),

ӨзА