Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Германия Балтық теңізінде бақылауды күшейтпек
11:56 / 2025-07-02

2025 жыл 1 шілдеден бастап Германия Балтық теңізінде шығыс бағытта жүретін кемелерге бақылауды күшейтті.

Елдің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, теңізге мұнай төгілген жағдайда сақтандыру төлемдерінің жасалуы мәселесі қарастырылып отыр.

Құжатта Ресеймен байланысты «көлеңкелі флотқа» қарсы күрес шаралары, сондай-ақ теңіздегі навигация қауіпсіздігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау арқылы бақылау жүйесінің күшейтілетіні айтылған. 

Министрлік егер қандай да бір «ауытқу» (бұзушылық) анықталса, кеме санкциялық тізімге енгізілуі мүмкін екенін ескерткен. Жақын уақытта Швеция да осындай тексерулерді бастамақ.

Маусым айында Ресей президенті Владимир Путин «көлеңкелі флотқа» соққы беруге әрекет ету жаһандық көмірсутек бағасына әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.