Германия агенттігі Өзбекстанға шекаралық бақылау-техникалық құралдарын тапсырды
Германия халықаралық агенттігінің (GIZ) «Орталық Азиядағы сауда процедураларын жеңілдету» өңірлік жобасы аясында Өзбекстанның Мемлекеттік кеден комитеті «Яллама» шекаралық кеден бекетіне құны шамамен 100 мың АҚШ доллары болатын техникалық бақылау құралдарын тапсырды.
Мемлекеттік кеден комитеті ұйымдастырған тапсыру шарасына GIZ директоры Иоахим Фриц пен жоба жетекшісі Фелиситас Зик қатысты.
Атаулы шарада комитет төрағасының орынбасары Атабек Чориев соңғы жылдары GIZ-бен ынтымақтастық жоғары деңгейге жеткенін атап өтті.
Жаңа техникалық құралдардың көмегімен кедендік бақылау және ресімдеу процестерін жеңілдету және заманауи рациялар арқылы орнатылған жылдам байланыс арнасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға көрсетілетін қызметтердің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.