Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Геология саласын халқаралық талаптарға сай түрде өркендету бойынша міндеттер жүктелді
19:55 / 2019-07-01

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 1 шілде күні геология саласын одан әрі дамыту, геологиялық барлау мен өндіру жұмыстарын кеңейту мәселелері бойынша кеңес өткізді.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 1 шілде күні геология саласын одан әрі дамыту, геологиялық барлау мен өндіру жұмыстарын кеңейту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Өзбекстанда индустрияландырылуы мүмкін болған 73 түрдегі пайдалы қазбалар қорына ие 2 мыңнан астам кен орындары бар. Олардың 437 әлі пайдаланылмаған. Жаңа перспективалы кендерді үйрену жетерлі дәрежеде емес. Осы жұмыстарға жұмылдырылған техниканың 70 пайызы ексірген.

Осы салаға инвестиция тарту, қайта өңдеуді жолға қою жұмыстары да айтарлықтай емес екендігі айтылды. Қазіргі таңда 111 перспективалы кен орындарының 14-і ғана тікелей шетелдік инвесторлар қатысуымен 39 миллион долларлық 6 жоба жүзеге асырылған.

Геологиялық іздестіру жұмыстарын қаржыландыру жүйесін реформалау, шетелдік сарапшыларды тарту және озық тәжірибені енгізу қажет екендігі айтылып, 2020-2021 жылдарға арналған толық жаңа бағдарлама әзірлеу мен саланың материалдық-техникалық базасын жаңарту тапсырмасы берілді.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.