English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы мексикалық боксшы болуы мүмкін
14:29 / 2020-12-31

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі жепе-жегін мексикалық Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО) қарсы өткізуі мүмкін.

«Вoxingnews24» сайтының мәліметінше, мексикалық 24 жасағы боксшының промоутері Фернандо Бельтран қазақстандық GGG-мен келіссөздер басталғанын айтып, бәрі дұрыс аяқталса жекпе-жек 2021 жылдың мамыр айында өтеді, деген.

Головкин мен Мунгия бұған дейін 2018 жылы жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізген, бірақ мемлекеттік бокс комиссияларының бірі мұны мақұлдамаған, содан кейін келіссөздер тоқтатылды. Оған Мунгияның әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге тәжірибесі жеткіліксіздігі себеп болған.

Мунгуия қазір 24 ​​жаста және WBO орта салмақтағы титулын жеңіп алғаннан бері тәжірибе жинады, делінген хабарда.

Еске салар болсақ, қазақстандық 38 жастағы Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін польшалық Камил Шереметаға қарсы өткізіп, оны 7 раундта нокаутқа жіберді және IBF, IBO белбеулерін сәтті қорғады.