Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы аталды
Орта салмақтағы IBF және WBA чемпионы Геннадий Головкин (42-2) келесі чемпиондық атағын WBA рейтингінде бірінші орында тұрған австралиялық Майкл Зерафаға (30-4) қарсы өткізуі мүмкін.
Бұл туралы Зерафаның өзі Fox Sports Australia арнасына берген сұхбатында айтқан.
«Бұл жекпе-жек Энтони Мандин мен Дэнни Гринге қарағанда күштірек болады. GGG мен оның командасы менімен Австралияда жекпе-жек өткізуге ауызша келісті. Мен Исаак Хардманды жеңгенімен жеті ай болды», - деген Зерафа.
Еске салар болсақ, Головкин 17 қыркүйекте Лас-Вегаста Сауль Альвареспен (58-2) өткен үшінші жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан еді.