Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті болып сайланды
Қазақстандық әйгілі былғары қолғап шебері Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті болып сайланды.
Сайлау бойынша Конгреске әлемнің 58 федерациясы қатысқан және дауыс беру нәтижесінде шешім бірауыздан қабылданған.
Оның өкілеттік мерзімі 3 жылға созылады. Яғни, Лос-Анджелес Олимпиадасына дейін жалғасады.