Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында жекпе-жек өтеді
Жекпе-жекте қос боксшы орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы белдігін сарапқа салатын болады.
Қазақстандық әлемдік аренадағы боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті.
Онда, Головкиннің салмағы 159,2 фунт (72,21 килограмм) болып, Деревянченконың салмағы 159 фунт (72,12 килограмм) екенін таразы көрсеті.
Ертең АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі «Madison Square Garden» аренасында өтетін жекпе-жекте қос боксшы орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы белдігін сарапқа салатын болады.