«Газпром» Францияға газ жеткізуді тоқтатты
«Газпром» компаниясы 2022 жыл 1 қыркүйектен бастап француздық Engie компаниясына газ беруді тоқтатқанын хабарлады.
Ресми хабарламаға сай , бұл жағдайға шілде айындағы төлемнің болмауы айтылған. Сонымен бірге, ресейлік тарап француз серіктестері қарыздарын толық өтегеннен кейін жеткізілімдерді қалпына келтірмек.
Engie компаниясы газ жеткізілімінің тоқтатылғанын келісімшарттарды орындау бойынша тараптар арасындағы келіспеушіліктер деп түсіндірген. Бұл компания Франциядағы негізгі газ жеткізуші мәртебесіне ие болып, мемлекет оның негізгі акционері саналады. Engie Group компаниясы тұтынушылардың ресейлік энергия ресурстарын жоғалтуынан зардап шекпеу үшін шаралар қабылдағанын мәлімдеген.