Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 634-ке жетті
Израильдің Газа секторында жалғасып жатқан шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 мың 634-ке жетті.
Бұл туралы жұма күні Газаның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Израиль армиясы соңғы 24 сағат ішінде 89 палестиналықты өлтіріп, тағы 120-ны жаралаған. Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыс басталғалы бері қаза тапқандардың жалпы саны 33 634-ке жетті, тағы 76 214 адам жараланды.
Мәлімдемеге сәйкес, Израиль армиясы жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтарының оларға жетуіне кедергі жасағандықтан кейбір құрбандар әлі де үйінділер мен жолдарда қалып қойған.