Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Газада азық-түлік тапшылығы күшейіп барады
16:41 / 2025-05-02

Екі ай бұрын Израиль Газа секторына өтетін барлық шекара өткелдерін жауып, аймаққа азық-түлік, жанармай, дәрі-дәрмек сияқты ең қажетті заттардың келуіне тосқауыл қойған еді.

Сонымен қатар, Израиль ХАМАС ұйымымен келісілген екі айлық атысты тоқтату туралы келісімді бұзып, әскери шабуылдарды қайта бастады.

BBC-дің хабарлауынша, БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен палестиналық босқындарға көмек көрсететін UNRWA агенттігі ең маңызды қорлардың таусылғанын мәлімдеген.

Аймақты жаппай ашаршылық жайлауы мүмкін екені айтылып, бейбіт тұрғындарды әдейі аш қалдыру – соғыс қылмысы екенін ескерткен. Сонымен қатар, қамалды тоқтату үшін халықаралық қауымдастық тарапынан Израильге қысым күшейіп келе жатқаны да айтылды.