Газа секторында мектептер қайта ашылып жатыр
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар жөніндегі агенттігі (UNRWA) атысты тоқтату жарияланғаннан кейін Газа секторындағы кейбір мектептердің қайта ашылып, балалардың біртіндеп сабаққа орала бастағанын хабарлады.
UNRWA басшысы Филипп Лаццарини әлеуметтік желіде 25 мыңнан астам оқушы агенттіктің «уақытша оқу орындарына» тіркелгенін, шамамен 300 мың адамның онлайн оқуға қатысып жатқанын мәлімдеді.
Газаның орталық бөлігіндегі батыс Нусайратта орналасқан әл-Хассайна мектебінде сыныптар жетіспегеніне қарамастан, сабақтар қайта басталған.
Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс кезінде аймақтағы көптеген мектептер, соның ішінде UNRWA мекемелері де, өз үйлерін тастап шыққан жүздеген отбасыға баспана болған еді.
Енді, сабақтар қайта жанданған соң, шамамен елуге жуық қыз бала бір сыныпқа сыйып, үстел мен орындықсыз жерде отырып сабақ оқып жатыр. Олар екі жылдық үзілістен кейін білімге қайта оралғанына қуанышты.