2023 жыл 20 мамырда Италияның Венеция қаласындағы үлкен көрме аймағында 18-ші Халықаралық сәулет биенналесі ашылады. Осы конференция аясында Өзбекстанның Ұлттық павильоны да жұмысын бастайды.
Өзбекстан Республикасы Мәдениет және өнерді дамыту қорының атқарушы директоры Гаянэ Умерова ӨзА тілшісіне берген сұхбатында Өзбекстанның көне ескерткіштерін, халқымыздың өнерін, сондай-ақ шеберлігін паш етумен қатар, дүние жүзіндегі мәдени мұра объектілерін сақтау және қорғау маңыздылығы туралы айтты.
– Италияның Венеция қаласында екі жылда бір рет 6 ай бойы өтетін үлкен конференция – Венеция сәулет биенналесі әлемдегі ең жарқын оқиғалардың бірі ретінде танылған. Еліміздің осындай мәртебелі шараға қатысуы – мәдениетіміз бен өнерімізді көрерменге паш етудің белгісі.
Өзбекстан бұл биенналеде үшінші рет қатарынан қатысып отыр. Алғаш рет Ташкент пен Бұхарадағы ірі нысандар жобасынан бастадық. Өткен жылы Хиуаны туристік бағыт ретінде көрсетіп, туризм бағытына көңіл бөлдік.
Ендеше, бүгінде еліміздің мәдени әлеуетін әлемге тартымды етіп көрсетуге толық дайынбыз. Өйткені, өткен көрмелерде жеткілікті тәжірибе жинақтадық. Бұл ретте Өзбекстанның тұрақты жолда екенін көрсету өте маңызды.
20 мамырда жұртшылыққа есігін айқара ашатын сәулет биенналесінің басты тақырыбы «болашақ зертханасы» деп аталатынына назар аударғым келеді. Тарихсыз болашақ жоқ! Биенналенің басты идеясы – өткенге айналған тарих, бірегей құрылымдарды қайта тірілту, оларды болашақта ұлттық, мәдени және бай орындарға айналдыру.
«Студио КО» мен Ажу университетінің студенттері арасындағы ынтымақтастық жобасына Ташкенттегі сәулет университетінің 25 студенті де тартылды. Олар Өзбекстандағы барлық көне ескерткіштерді зерттей бастады. Білесіз бе, құрама топ нысанның әр кірпішіне зерттеу жүргізді.
Сонымен қатар, ирандық және өзбекстандық суретшілерімен қатар, Италиядан келген қыл қалам шеберлерін біріктіру әрекетіміз де жемісті болды. Сондықтан бәрі ынтымақтастыққа байланысты. Бұл жерде әңгіме жай ғана жұмыс тобы туралы емес, бірегей жобаны бірлесіп жасаған студенттер, достар, шебер суретшілер, кураторлар, сарапшылар туралы.
Орталық Азия елдерінің Еуропада өтетін тарихи конференция – Венеция сәулет биенналесіне қатысып, жақын болашақта өз жобаларымен халықты қуантуы бұл өңірдің бай тарихының бар екендігін көрсетеді деп ойлаймын.
Біздің ұлттық павильонымыздың Италия павильонмен қатар орналасуы кездейсоқ емес, өйткені біз Италия үкіметінің, сонымен қатар «biennale» қауымының қолдауын сезініп отырмыз. Барлық қатысушыларға сәттілік, жақыннан көмектесіп жатқан өкілдерге ерекше алғыс айтамыз.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/GeV7vLtQlmA" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>Бехруз Худайбердиев,
Нишанбай Абдувоитов (видео),
ӨзА
Венеция, Италия