Гавайидегі орман өртінен 53 адам көз жұмды
АҚШ-тың Гавайи штатындағы орман өртінен қаза тапқандардың саны 53-ке жетті.
Гавайи губернаторы Джош Гриннің айтуынша, қайтыс болғандардың саны 60-тан асуы мүмкін.
Мауи мен Үлкен аралдағы орман өрттеріне құрғақ, ыстық ауа-райы және «Дора» дауылы себеп болған. Кейбір аумақтағы өрт 400 гектарға жетеді.
Өрт бірнеше елді мекенді, соның ішінде танымал туристік қалашық Лахайнаны шарпыған. Билік жолдарды жабуға мәжбүр болып, қоғамдық көлік жұмыс істемей тұр. Жүздеген жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.
Президент Джо Байден Гавайидегі барлық федералды агенттіктерге, соның ішінде әскерилерге де өртті сөндіруге қатысуды бұйырған.