Ғарыштық алғашқы қонақ үй 2027 жылы ашылады
Orbital Assembly компаниясы Жердің төмен орбитасындағы алғашқы ғарыштық қонақ үйдің ашылу уақытын жариялады.
CNN хабарлауынша, «Voyager» атты станциясының құрылысы 2025 жылы басталады. Жобаны 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Станцияны орбитаға «жинау» процесі екі жыл ғана қажет болуы мүмкін. Қонақ үйдің жалпы сыйымдылығы 400 адамды құрап, онда мейрамхана, кинотеатр және СПА-орталық болады деп күтілуде.
Әзірше«Voyager» станциясының құрылысына қанша қаржы кететіні туралы нақты ақпарат жоқ. Онда бір түндік тұрудың бағасы да белгісіз. Бірақ жобаны әзірлеушілер ғарыштық қонақ үйдің құны қайта пайдалануға болатын зымыран тасығыштар пайда болғаннан кейін айтарлықтай төмендегенін мәлімдеген және оны SpaceX пен байланыстырған.