French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Гарет Бэйл футболдағы мансабын аяқтады
12:20 / 2023-01-10

Уэльс құрамасының және «Лос-Анджелес» клубының ойыншысы Гарет Бэйл футболшылық мансабын аяқтғанын хабарлады.

33 жасты аладоп шебері бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ұзақ уақыт ойланып, ұлттық құрама мен клубтағы мансабын аяқтауға шешім қабылдағанын айтқан.

«Көп ойланып, осындай шешімге келдім. Өзім жақсы көретін спорт түрімен айналысып, өмірдегі армандарыма қол жеткізгенім үшін шынымен бақыттымын. Енді өмірімнің жаңа бетіне қадам басып жатырмын. Жаңа белестер үшін өзгеріс уақыты келді», - деп жазған ол.

Бэйлдің соңғы клубы «Лос-Анджелес» болды. Ол «Реал» клубында 9 жыл ойнап, кейін 2022 жылдың жазында американдық клубқа ауысты. Гарет мадридтік клубпен Чемпиондар лигасының 5 дүркін жеңімпазы атанды. Сондай-ақ «Саутгемптон» және «Тоттенхэм» клубтарында өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Гарет Бэйл Қатарда өткен әлем чемпионатында 64 жылдық үзілістен кейін Уэльс құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы голын соққан болатын. Уэльс осыған дейін әлем чемпионатына 1958 жылы қатысқан.